Футзал

Игорь Мажинов: Португалиядағы рекордты бұза аламыз

Игорь Мажинов: Португалиядағы рекордты бұза аламыз
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда өтетін УЕФА кубогының Төрттік финалының алдында алматылық «Қайрат» баспасөз мәслихатын өткізді. «Қайрат» АФК қамқорлық кеңесінің төрағасы Игорь Мажинов Төрттік финалға дайындық жайлы сөз қозғады.

- Біз алдымызға үлкен мақсат қоямыз. Португалиядағы рекордты бұзуға тырысамыз. Ол кезде 11 700 жанкүйер келген болатын. «Алматы Арена» 12 000 адамды қабылдай алады. Біз алдымен тесттік жарыс өткізіп көрдік. Осыған дейін «Алматы Аренада» Элиталы кезеңді өткізгенімізді білесіздер. Алматы қаласының әкімдігімен келісіп, осы жарысты қабылдауға өтініш білдірдік. Себебі ол кезде «Алматы Арена» әлі де тесттік режимде жұмыс істеген болатын. УЕФА өкілдеріне ұйымдастырушылардың жұмысы ұнады. Біз осындай деңгейдегі жарыстарды бірінші рет өткізіп жатқан жоқпыз. Үлкен тәжірибеміз бар. Бізге жарыстың Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, «Халық Арена», «Алматы Аренада» өтуі маңызды емес. Ең бастысы бізде жарысты ұйымдастыра алатын команда бар. Жаңа еш нәрсе жоқ. УЕФА жазған тәртіпке байланысты жұмыс істеп жатырмыз. Тек қана жанкүйерлердің көп болғанын күтеміз. Қазақстан Ресеймен көршілес жатқаннан кейін, ресейлік клубтардың басшылары мен демеушілері осы жарысты көруге келеді. Тек қана көрермендердің көп болғанын қалаймыз. Басқасы бізге үлкен қиындық тудырмайтынына сенімдіміз.

- Команда жеңіске жетсе сыйақы беріле ме?

- Біз барлық демеушілерден ақша аламыз. Содан кейін техникалық кеңестің шешімімен барлығына бөлінеді. Ол жерде кімнің қаншалықты деңгейде ойнағаны, гол, пас бәрі есептеледі. Әрине, біз демеушілерден қаржы алдық. Қазір мен минималды соманы айтамын. Клуб демеушілерден 100 мың АҚШ долларын алады. «Экслюзивстрой» компаниясы сыйақы беруде демеушілік танытып отыр. Ойында біздің команданың жейдесіне компанияның логотипі жазылады. Қазірге дейін клуб сыйақыдан айырылмады. Сонымен қатар, клуб осыған дейін демеушіден осынша қомақты сома алып көрмеді. Сондықтан бұл ойыншылар үшін үлкен мотивация болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер