Criminals
Футбол

«Лестер» клубының сегіз жанкүйері сотталды

«Лестер» клубының сегіз жанкүйері сотталды
news-banner7
mobile-news-top

Англиялық «Лестер» клубының сегіз жанкүйері Мадридтегі тәртіпсіздіктен кейін абақтыға қамалды, деп хабарлайды Daily Mail.

Аталмыш оқиға Чемпиондар лигасының «Атлетико» клубына қарсы ойынында болған. Екі лестерлік фан төрт айға бас бостандығынан айырылса, қалған алты жанкүйер сегіз айға қамалды. Дереккөздің айтуынша, олар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін айыпталған. Күдіктілер сот төрелігімен келісімге келіп, кінәсін толық мойындаған. Нәтижесінде, сот олардың жазасын жеңілдетті.

Естеріңізге салайық, 12-ші сәуір күні британиялық жанкүйерлер Пласа-Майор алаңында полиция қызметкерлеріне бөтелке және басқа заттар лақтырып, төбелеске дейін барған.

Айта кетейік, сол кездесу испаниялық клубтың (1:0) жеңісімен аяқталды. Ал қарымта кездесу Лестерде 18-ші сәуір күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер