русский язык
Басқа

Али Багаутинов қазақтардан кешірім сұрады

Али Багаутинов қазақтардан кешірім сұрады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік UFC файтері Али Багаутинов барша қазақтардан кешірім сұрады.

- Соңғы сұхбатымда Артур ағамның Жалғас Жұмағұловқа қатысты жекпе-жегіне эмоционалды пікір айтқанмын. Мен Қазақстанмен шекаралас Орынбор облысында 12 жыл тұрғанмын. Менің көршілестерімнің көп бөлігі қазақтар болған. Қазақ халқын қатты құрметтеймін. Мен ешкімді ренжіткім келмеді. Жалғас Жұмағұловқа чемпиондық жекпе-жегінде жеңіс тілеймін! Алдағы уақытта Қазақстанға барамын, сол кезде бірге бесбармақ жейміз, - деп жазды ресейлік споршы өзінің «инстаграмдағы» парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Али бұның алдында Артур Багаутинов Жалғас Жұмағұловты еш қиындықсыз жеңеді деп айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;