Басқа

Алматыда Республикалық «Жұлдызай» Спартакиадасы өтеді

Алматыда Республикалық «Жұлдызай» Спартакиадасы өтеді
news-banner7
mobile-news-top

30-31 мамыр аралығында Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында Республикалық «Жұлдызай» Спартакиадасының финалдық кезеңі өтеді.

Балалар шағын-футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика (қашықтыққа жүгіру және эстафета), «асық ату» сияқты спорт түрлерінен бақ сынамақ. Жарысқа жалпы саны 408 спортшы қатысатыны белгілі болды.

Спартакиада Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын балаларды қамтиды. Шағын-футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және «асық ату» түрлерінен жеңімпаз атанғандар Алматыдағы финалдық жарысқа қатысады. Сонымен қатар, 3-4 мамырда аталмыш спорт түрлерінен 150 спортшы қатысатын қалалық сайыс өтеді.

Спартакиада салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа тарту, оларды қоғамға бейімделуіне атсалысу, қоғамның физикалық және интеллектуалдық дамуында шектеуі бар жандарға көзқарасын өзгертуге шақыру, бизнес-құрылым, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдардың балалар спортын қолдауда бірігіп жұмыс істеуі үшін инновациалық әдістерді қалыптастыру сияқта мақсаттарды орындауға ниеттеніп отыр.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар талантты мүмкіндігі шектеулі спортшыларды тауып, дарынын дамытуға, олардың өзара достық қарым-қатынаста болуына, мүгедектер спорты мәдениетін қалыптастыру, оларды дене шынықтыру мәдениетінің құндылықтарына бейімдеуге, еңбек пен ұжымдық жұмыс істеуге, ұйымшыл әрі қойылған мақсатқа жетуге баулуға көмектесуге әзір екендерін айтты.

«Жұлдызай» Республикалық фестивалі дәстүрге сай 1-ші маусым, Халықаралық балалар күніндегі, гала-концертпен аяқталады. Осы жылы концерт Алматыдағы Республика сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер