Басқа

Әбіл Дөңбаев: «Жұлдызай» фестивалі дәстүрге айналады

Әбіл Дөңбаев: «Жұлдызай» фестивалі дәстүрге айналады
news-banner7
mobile-news-top

30-31 мамырда Алматы қаласында «Жұлдызай» атты республикалық спартакиада өтеді. Бүлдіршіндер шағын-футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және «асық ату» сияқты спорт түрлері бойынша сайысқа түседі. Ақпараттар бойынша, жарысқа 408 әуесқой спортшы қатысады.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін балалар алып шаһарда бас қосып өзара мықтыны анықтамақшы.

«Жұлдызай» жобасы туралы Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев толығырақ баяндаған:

- Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Биыл оны Алматыда өткізуге ұсыныс болған, өз кезегінде қала басшылығы қолдау көрсетті. Фестивальмен қатар спорттық шаралар ұйымдастырылады. Ал негізгі мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп олардың ынтасын арттыру. «Жұлдызай» бағдарламасының ауқымы кеңейіп келеді. Биыл ұлттық спорт түрлері де қосылды. Мәселен, асық атуды бағдарламаға қостық. Сайыстар қаладағы ең жақсы стадиондарда өтеді. Мұндай жақсы жоба жылдан жылға қарқын алып, дәстүрге айналады деп сенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер