Criminals
Хоккей

300 миллион доллар жымқырған хоккей федерациясының бұрынғы президенті қамауға алынбақ

300 миллион доллар жымқырған хоккей федерациясының бұрынғы президенті қамауға алынбақ
news-banner7
mobile-news-top

ҚР Әділет министрлігі сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталып отырған Алматы қаласының бұрынғы әкімі және Қазақстан хоккей федерациясының бұрынғы президенті Виктор Храпуновты қамауға алмақ.

Оның мемлекетке тигізген залалы 300 миллион доллар деп бағалануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ал Әділет министрлігінің дерегі бойынша, Храпуновтың Калифорнияда бірнеше вилласы және бірнеше қымбат автомобилі бар.

«Осы дүниелердің оған тиесілі екендігін дәлелдеу керек. Храпунов барынша дайындалған, мүлік сатып алу үшін де білікті заңгерлерді жалдаған. Бұл мүлік офшорлық компаниялар арқылы заңды тұлғалардың атына жаздыру арқылы сатып алынған. Аталмыш заттардың оған тиесілі екендігін дәлелдеп, кейін өндіріп алу қажет. Қазақстан халқынан ұрлаған қаржыларды ешкім басқа елде пайдалана алмайды және ол өз активтерін қайда жасырса да, оны елге қайтарып, шешімді орындатуға болады», - деді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Айта кетейік, Виктор Храпунов хоккей федерациясының басшысы қызметінен 2008 жылдың жаз айында босатылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер