русский язык
Басқа

Хабиб Нурмагомедов салмақ дәрежесін ауыстырмайды

news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік UFC файтері Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың айтуынша, оның баласы салмақ дәрежесін ауыстырмайды.

«Хабиб айығып келеді, бір-екі айда бабында болады. Жекпе-жекке екі күн қалғанда оның салмақ тастай алмайтыны көрініп тұрды, бірақ бізге бұл үдерісті жылдамдатуға тура келді. Ендігі де оған мұқият болу қажет. Әзірге келесі қарсыласы белгісіз, бірақ жекпе-жек қыркүйек айында өтеді деп күтілуде. Хабиб салмақ дәрежесін ауыстырмайды», - деді Хабибтің әкесі Абдулманап «Р-Спорт» сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, 5-ші наурыз күні Нурмагомедов америкалық файтер Тони Фергюсонмен жұдырықтасуы керек болған, бірақ ресейліктің денсаулығына байланысты бұл кездесу өтпеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;