Жекпе-жек
Бокс

Джейкобстың менеджері: Головкиннің командасы матч-реванштан қашады

Джейкобстың менеджері: Головкиннің командасы матч-реванштан қашады
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстың менеджері Кит Коннолидің айтуынша, Геннадий Головкин қарымта кездесуге келісе қоймас.

- Геннадий дайын болса біз онымен қайта кездесеміз. Егерде Головкин қыркүйекте Канеломен жұдырықтасса, біз бұл кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасуға дайынбыз. Альварес - Головкин жекпе-жегі ұйымдастырылмаса, жанкүйерлер Геннадийдің Джейкобсқа қарсы қарымта айқасын көргісі келеді. Алайда «Трипл Джидің» командасы бұған келісе қоймас, олар Дэниелмен реванш өткізбеудің амалын іздейді, - деді Конноли boxingscene.com сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде Дэниел Джейкобсты ұпай шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер