русский язык
Бокс

Қарсыласын менсінбей, теңселіп тұрып алған боксшы нокаутқа түсіп қалды

news-banner7
mobile-news-top

Сингапурдегі кәсіпқой бокс кешінде өзбекстандық Кудратилла Абдукаххаров (10-0-0, 7 КО) зимбабвелік Чарльз Манючиге (20-2-1, 12 КО) қарсы шаршы алаңға шықты. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте өзбек боксшысы қарсыласынан WBC Silver белбеуін тартып алды. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Видеодан Чарльз Манючи ә дегеннен қарсыласын менсінбеген кейіп танытып, теңселіп жүріп алғанын байқауға болады. Бұл 23 жастағы Абдукаххаровтың ашуына тисе керек, дереу оны ауыр соққының астына алып, алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;