«Астана» - «Шахтер» матчы Теміртауда өтетін болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстан Премьер-лигасының төртінші турындағы «Астана» - «Шахтер» матчы елордадағы «Астана Аренада» емес, Теміртаудағы «Металлург» стадионында өтеді.
Ел чемпиондарының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, «Астана Аренаның» көгалы ауыстырылып жатыр. Сондықтан «Астана» «Шахтер» мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына 4-ші тур матчын «кеншілердің» алаңында өткізуді сұраған.
Айта кетейік, бұл ойын 1 сәуірде өтеді.