МӘССАҒАН
Хоккей

Хоккейші ҰХЛ матчында жанкүйердің тұмсығын бұзды

Хоккейші ҰХЛ матчында жанкүйердің тұмсығын бұзды
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық xоккей лигасында өткен матчтардың бірінде «Колорадо Эвеланш» командасының xоккейшісі Франсуа Бошемен соққан шайба тура бейнекамераға арналған тесікке кіріп жанкүйердің бетіне тиді.

Аталған матч бүгін түнде өтті. "Колорадо" 1:5 есебімен ұтылып қалды. Бірінші кезеңде Бошемен шайбаны борттан шығарып жібергісі келді. Алайда шайба тура камера тұратын тесікке кіріп серпілді. Жарақат алған жанкүйердің бетінен қан сорғалай ақты. Алайда ол бірден бетін сүлгімен жауып, қанды тоқтатты. Жарақатына қарамастан жанкүйер ойын соңына дейін трибунада отырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер