Бес қазақстандық боксшы Германиядағы жарыстың финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКеше Германия елінде әуесқой бокстан «Chemistry Cup» турнирінің жартылай финалдық кездесулері өтті.
Бес қазақстандық боксшы аталыш жарыстың финалына жолдама алды.
Жартылай финалдың нәтижесі:
49 келі
Ержан Жомарт - Карлос Купо (Эквадор) - 1:4;
52 келі
Азамат Исақұлов - Гилберт Рентерия (АҚШ) - 5:0;
56 келі
Қайрат Ералиев - Дюк Раган (АҚШ) - 0:5;
60 келі
Джонсон Деланте (АҚШ) - Әділет Құрметов - 4:1;
69 келі
Дамиан Кирьор - Абылайхан Жүсіпов - 0:5;
75 келі
Сильвио Ширл (Германия) - Әбілхан Аманқұл - 0:5;
81 келі
Адильбек Ниязымбетов - Максим Коц (Украина) - Коц қарсыласының жекпе-жекке шықпауына байланысты жеңіске жетті (Ниязымбетов ҰОҚ-тың 25 жылдығына арналған арнайы мерейтойға қатысу үшін Астанаға ұшып кетті);
91 келі
Василий Левит - Константин Пинчук (Украина) - 5:0.
+91 келі
Макс Келлер (Германия) - Қамшыбек Қонқабаев - 0:5.
Ақтық кездесулер 17-ші наурыз күні өтеді.