СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Футбол

«Қайрат» соңғы рет ел чемпионы болғанда әлем қандай еді

«Қайрат» соңғы рет ел чемпионы болғанда әлем қандай еді
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz алматылықтар чемпион атанған 2004 жылды еске түсіреді.

2004 жылы Қазақстанның 15 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

Футболдан Греция құрамасы сенсация жасап, Португалиядағы Еуропа чемпионатын жеңіп алды. Финалда олар турнир қожайындарын 1:0 есебімен жеңді.

7fd04223bf47aadb0c30e00107bbb080.jpg

Nokia 7610 смартфоны жарыққа шықты, TFT-дисплейлі 1 Mpx камерасы бар телефон 65 мың түске дейін көрсете алатын.

cf1fe15fa82e9293458b65b13ee12211.jpg

Ал Nokia 6260 смартфонының камерасы әлсіздеу болатын. Алайда ол жан-жаққа айнала алатынымен құнды еді.

a740da8a443625b796d412d3a3341e9e.jpg

АҚШ-та кіші Джордж Буш, Ресейде Владимир Путин, ал Грузияда Михаил Саакашвили президенттік сайлауда жеңіске жетті. Украинада Виктор Януковичтің президент атануы елде үлкен жанжал шығарды.

3bf99a4afae345f017d775af1c7313d8.jpg

2004 жылы Facebook әлеуметтік желісі пайда болды.

469bf10f5e10605732c00263aeae97b3.jpg

No Doubt тобы тарап, Гвен Стефани жеке өзі ән айта бастады.

058f4a4e3508a04fb32820c58a4e282d.jpg

«Шрек 2» ең көп касса жинаған фильм атанды.

251dfbe4754d5895508838625f5253e8.jpg

Афинадағы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 8 медаль жеңіп алды. Сол жылы Грекиядан алтын медальмен оралған – тек Бақтияр Артаев (69 кг дейін). 75 келіге дейін салмақта сынға түскен Геннадий Головкин күміс медальға қол жеткізді.

2e94a79d5729ff32a2d27d5214b7f6a3.jpg

Жозе Моуриньо жаттықтыратын португалиялық «Порту» Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды. Финалда «Порту» «Монаконы» тас-талқан етті - 3:0. Сол кезде португалиялықтардың 41 жастағы жаттықтырушысы Моуриньо Чемпиондар лигасын жеңген ең жас бапкер атанды. Кейін 2009 жылы оның бұл рекордын 38 жастағы Хосеп Гвардиола бұзады.

4ed80bfc07b3f8d1df53d1af0c7f88da.jpg

25 қаңтарда Португалия чемпионатындағы «Витория» Гимарайнш пен «Бенфика» матчының соңында қонақтардың ойыншысы Миклош Фехердің жүрегі тоқтап қалды. Футболшыны алдымен алаңда, кейін ауруханада құтқарып қалуға тырысқан. Алайда 24 жастағы венгриялық ойыншы көз жұмды.

bac756b4df45a3981d252536f26b1d0c.jpg

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА-дағы алғашқы ресми матчын өткізді. Бірінші ойын 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өткен. Қазақстан Алматыда Украинаға жол берді – 1:3. Сол жылы тағы үш кездесу өткізіп, бәрін жеңіліспен аяқтады: Түркия – 0:4, Албания – 0:1, Грекия – 1:3.

Лондондық «Арсенал» соңғы рет Англия чемпионы атанды.

a228f1f1fcc7473ef2b43efddd97a684.jpg

Хосеп Гвардиола ойыншы ретінде катарлық «Аль-Ахли» сапында ойнап жатты.

e4ad00cea7de01c7b096d10985f2c9c1.jpg

Андрей Шевченко жыл қорытындысы бойынша «Алтын доп» иеленді.

b3e05dd0fd2dca80ab8d0b19cbb2901d.jpg

2004 жылдың маусымында Ирактің бұрынғы көшбасшысы Саддам Хусейн мен оның жақтастарына қатысты сот ісі басталды. Хуссейн бірнеше қылмыс бойынша айыпталған. Трибунал оны дарға асуға шешім қабылдады.

Бесландағы (Солтүстік Осетия) трагедия. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шара кезінде террористер 1128 адамды кепілдікке алып, екі жарым күн бойы оларды №1 мектепте ұстап отырды. Соның салдарынан 333 адам көз жұмды, оның 314-і кепілге алынғандар. 186-ы балалар. 783 адам жарақат алды. Сол сәтте 32 террористің көзі жойылды.

b1fa44b3d6079049265382fce4833763.jpg

1 мамырда Еуропалық одаққа жаңа елдер мүше атанды. ЕС-ге енгендер: Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия мен Эстония.

1b13b17295d21b1b1b804d2ef6796b9e.jpg

Мамырда Ресейде «Дом-2» реалити-шоуы бастау алды. Ол ұзақтығы бойынша Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

ec00b379ab75a34eff6a52f61f27b22e.jpg

Sony-Ericsson K700 және K700i телефондары сатылымға шықты. Сол кезде бұл телефондар өте көп сатып алынатын.

50007325725fa4731d89be24eb792a50.jpg

«Эйр Қазақстан» авиакомпаниясы банкротқа ұшырады. 29 ақпанда соңғы рейсін жасады.

Ең көп сатылған музыкалық синглдер:

Maroon 5 – This Love

Usher – Yeah

OutKast - Hey Ya!

Britney Spears – Toxic

Mario Winans – I Don’t Wanna Know

No Doubt – It’s My Life

Evanescence – My Immortal

Black Eyed Peas – Shut Up

Қыркүйекте әлемдегі ең ұзын ғимарат «Бурдж-Халифаның» (Дубай) құрылысы басталды.

2b729d4a66ef20aa855209ccc76288ae.jpg

Қазақстанда «Көшпенділер» фильмінің түсірілімі болып жатты. Картинада басты рөлдерді Марк Дакаскос (Шарыш), Джейсон Скотт Ли (Ораз) мен Джей Эрнандес (Ерәлі), сондай-ақ, мексикалық Куно Бекер (Мәнсүр) сомдады.

«Қайраттың» қазіргі бапкері Кахабер Цхададзе футболшы мансабын аяқтады. Оның соңғы клубы «Анжи» болған. Фотода оның «Манчестер Сити» сапында ойнап жүрген кезі.

5e2fac9c28ca65ae21178e3cee9e1a3a.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер