Жаға ұстатты
Хоккей

«Барыстың» кей матчтары «Алматы Аренада» өтсе қалай болады?

«Барыстың» кей матчтары «Алматы Аренада» өтсе қалай болады?
news-banner7
mobile-news-top

«Барыстың» Алматыдағы жанкүйерлері елордалық хоккейшілердің кей матчтарын Оңтүстік астанада өткізуді ұсынды.

Мұндай ұсыныстарды әлеуметтік желілерде көптеп табуға болады. Мысалы, спорт менеджері Дидар Сағадиев мынадай ұсыныс жасады:

«Барыстың» ҚХЛ-дағы кей матчтарын «Алматы Аренада» өткізу туралы ұсыныстар бар. Алматылықтар да үлкен хоккейді жақсы көреді. Универсиададан кейін осы матчтарға қуана барады. Біздің бокс клубымыз «Астана Арланстың» тәжірибесін алуға болады. Олар өздерінің бокс кештерін еліміздің түрлі аймақтарында өткізіп жүр. Бұл хоккейдің дамуына үлкен күш береді».

Бүгінде Оңтүстік Астанамызда «Алматы» хоккей клубы бар. Бірақ бұл клуб ел чемпионатында өнер көрсетеді. Миллионнан астам тұрғыны бар мегаполиске Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін клуб қажет екені анық. Тым болмаса, өскемендік «Торпедо» мен қарағандылық «Сарыарқа» секілді Жоғары хоккей лигасында ойнайтын ұжым керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер