Болжам бұрыш
Футбол

Букмекерлік кеңселер. "Қайрат" биыл чемпион болады

Букмекерлік кеңселер. "Қайрат" биыл чемпион болады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық букмекерлік кеңселер ел чемпионатының қорытынды нәтижесіне байланысты бәс қабылдауды бастады. Бұрын-соңды мұндай бәстер көп қабылданбайтын. Тек сирек қана кездесетін. Енді бұл жолы әр жанкүйер өзінің сүйікті командасына бәс тіге алады.

Жеңімпаз:
Қайрат : иә - 1.85 Астана : иә - 2.15 Тобол : иә - 12 Ертіс : иә - 25 Ақтөбе : иә - 13 Оқжетпес : иә - 30 Ордабасы : иә - 35 Атырау : иә - 50 Қайсар : иә - 75 Шахтер : иә - 100 Тараз : иә - 150 Ақжайық : иә - 200.

Дүние күйіп кетсе де айтайық, Қазақстан чемпионы болады-ау деген 2 ғана командамыз бар. Қалғандарына нан жоқ. Себебі, біздің елде көп нәрсені алаң сыртындағы күштер шешіп жатады. Ал алда-жалда осындай ешқандай оқиға болмай, футболда саяси төңкеріс орын алар болса, әрине, "Ертіс" пен "Ақтөбе" "Тобыл" секілді ұжымдар да чемпион атануы ықтимал. Мысалы.

Ал егер "Лестер" чемпион болады деп 300 мың фунт стерлинг жеңген Том Хэнкстің оқиғасын қайталағыңыз келсе "Ақжайық" біріншілікті бірінші болып аяқтайды дегенге бәс тігіңіз. Оларға 200 коэфицент беріліп тұр. Одан кейін "екінші орында" "Тараз".

Ал букмекерлер неге екені білгісіз фаворит деп "Қайратты" санайды. "Астана" болса биыл демалатын секілді. Олардың ойынша. Үшінші орында "Тобыл". Оқу-жаттығу жиындарында жинаған футболшыларына сеніп сараптама жасаған букмекерлер осылай шешіпті.

Кімге қанша теңге бәс қойсаңыз да өте тамаша мүмкіндік екені анық. Чемпионат басталғанша қойып үлгеру қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
Астана мен Қайрат чемпиондыққа таласады, ал ОРдабасы, Ертіс пен Тобыл 3 орынға үмітті. Қайсар 7-8 ге қанағат тұтады... Бұл менің ойым
Жауап беру