Александр Бублик - Мексикадағы «Челленджердің» жеңімпазы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Александр Бублик Мексиканың Морелос қаласында өткен Challenger сериясындағы турнирдың жеңімпазы атанды. Турнирдың сыйақы қоры 50 мың долларды құрайды.
Финалда Александр чилилік Николас Джарриді 7:6, 6:4 есебімен ұтып кетті.
Жеңіске дейінгі жолда Бублик аргентиналық Хуан Пабло Пазды 6:4, 6:7, 6:1, доминикандық Хосе Фернандесті 4:6, 6:4, 6:2, ширек және жартылай финалда қос колумбиялық теннисші – Алехандро Гомес 6:4, 6:4 пен Эдуардо Струвэяны 6:4, 6:4 қапы қалдырған.
Бұл жеңіс Александрға АТР рейтингісінде 80 ұпай әкелді және 7200 доллар сыйақыға ие болды.
Бублик Қазақстан атынан осы жылдың басынан жарысқа түсті. Қазіргі күні ол рейтингіде 169-шы орында келеді. Ал осы турнирдағы жеңісінен кейін теннисші үздік жүздіктің қатарынан табылуы ғажап емес.
АТР Challenger турниры. Морелос. Мексика. Финал
26 ақпан
Александр Бублик (Қазақстан) - Николас Джарри (Чили) 7:6, 6:4