Болжам бұрыш
Футбол

АПЛ. 26-тур ойындарына болжам

АПЛ. 26-тур ойындарына болжам
news-banner7
mobile-news-top

"Челси" - "Суонси"

Ағылшын премьер-лигасының кезекті турында лидер аутсайдермен кездеседі. Контенің командасы чемпиондыққа қарай сенімді түрде бет алды. Маусым соңына қарай "ақсүйектердің" матчтары қиындай түседі. Күнтізбе солай деп тұр. Сондықтан да, лондондық ұжым қазірден бастап жеңіске жете бастауы тиіс. Өз алаңында ойнайтын команданың жеңісі сенімді. Ж1 1.27.

"Эвертон" - "Сандерленд"

Турнирлік кестенің ең түбінде тұрған "Сандерленд" биыл АПЛ-ден шығып қалады. Мына ойынмен оларға жоғарғы лигада жүру қиын болар. Мерсисайдтық команда болса алғашқы 5-тікке ұмтылып жүр. Келер жылы еурокуобоктық ойындарға да қатысқысы келеді. Жалпы, "Эвертон" қазір мықты. Бұл тұста да алаң иесінің жеңісі. Ж1 1.39

"Кристалл Пэллас" - "Мидлсбро"

Кристиан Бентеке секілді шабуылшысы бар команда үнемі шабуылда мықты. Бельгиялықты қолдайтын да жартылай қорғаушылар мен вингерлер жетіп артылады. Оның үстіне "Мидлсброның" да қорғанысы күпті. Гол жіберуге икемді. Кристал Пэлас соғады: иә 1.31.

"Тоттенхэм" - "Стоук"

Бұл жерде де ойланатын түгі жоқ. Ж1 1.42. Себебі, Еуропа лигасынан шығып қалған "Тоттенхэм" қазір ешкімді аяйын деп тұрған жоқ. Оның үстіне лондондықтар "Манчестер Ситиді" қуып жетейін деп жүр. Екінші орыннан дәмелі екені даусыз. Бірақ, бір кінәрат бар. Бұл ойынға бәс тігер алдында матчтың 26-күні өтетінін айта кетейік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер