УЕФА Моуриньюді мазақ қылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызУЕФА баспасөз қызметі «Манчестер Юнайтед» бапкерін мазақ етті.
Еуропа лигасының 1/8 финалының жеребесі «Манчестер Юнайтед» командасына қарсылас етіп ресейлік «Ростов» командасын таңдап берді. Енді ағылшындық клуб пен бапкерлеріне Ростов-на-Донуға жету үшін 3000 шақырым жол жүру қажет.
«Егер менің қолымда болса, ұзақ жол жүрмес едім», - деген еді Моуринью Еуропа Лигасының 1/8 финалының жеребесі алдында.
«Белбеулеріңді тағыңдар! Манчестерден Ростов-на-Донуға дейін 3000 шақырым», - деп жазды УЕФА-ның баспасөз қызметі «Твиттер» парақшасында.
«Манчестер Юнайтед» пен «Ростов» командалары арасындағы алғашқы ойын Ростов-на-Донуда тоғызыншы наурызда өтеді. Қарымта ойын «Манчестер Юнайтед» алаңында он алтыншы наурызда болады.