Criminals
Қысқы

Азия ойындары. 5-ші күннің қорытындысы

Азия ойындары. 5-ші күннің қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар медальдар санын 12-ге жеткізді, деп хабарлайды қысықы Азия ойындарының ресми сайты.

Бүгін ең бірінші шаңғыдан 5 шақырымдық классикалық жарыста Елена Коломина Қазақстан қоржынына үшінші күміс медальды сыйласа, артынан биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық спрингтік жарыстан отандасымыз Ян Савицкий алтын ұтса, Василий Подкорытов күміс медальды жеңіп алды. Ал бұлардан кейін көп уақыт күттірмей жарыс алаңына шыққан қыздарымыз - Галина Вишневская мен Алина Райкова 7,5 шақырым қашықтықта спринтерлік жарыстан алтын 1 алтын 1 қола медальды қоржынымызға салды.

Қортындылай келе, бүгін жерлестеріміз жалпы медальдар санын 12-ге жеткізді. Бүгін спортшыларымыз спорттың 5 түрінен, атап айтқанда, биатлон, тау шаңғысы, шаңғы жарыстары, конькимен жүгіру және шайбалы хоккейден сынға түсіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер