Criminals
Қысқы

CAS ресейлік спортшыларды шеттетті

news-banner7
mobile-news-top

Лозанна қаласындағы спорттық сот арбитражы ресейлік шаңғышыларға қатысты шешімін өзгеріссіз қалдырды.

CAS ұйымы ресейлік Евгения Белова, Александр Легков, Максим Вылегжанин, Алексей Петухов, Евгения Шаповалова және Юлия Иванова сынды шаңғымен жүгіру шеберлерінің шағымын қанағаттандырмай, өзгеріссіз қалдырды.
Аталмыш спортшылар 22 ақпан күні Лахти қаласында басталатын шаңғы жарысы бойынша әлем чемпионатына қатыса алмайды. Шаңғы спортының халықаралық федерациясының 2016 жылғы 23 желтоқсан күнгі Ричард Маклареннның баяндамасына сәйкес алты ресейлік спортшы уақытша шеттетілген. Ал CAS ұйымы шешімін өзгертпеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер