Спорт жанкүйерлері
Қысқы

Норвегия 1999 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының алтынын алмады

Норвегия 1999 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының алтынын алмады
news-banner7
mobile-news-top

Хохфильцендегі әлем чемпионаты 19-шы ақпан күні екі масс-стартпен аяқталды. Ерлер арасында Йоханнес Бё екінші орын алды. Ол Симон Шемптен 9 секундқа қалған.

Нәтижесінде, Норвегия құрамасы Хохфильценде 3 күміс және 1 қола медальды қанағат тұтты. Үш күмісті де Йоханнес Бё (спринт, пасьют және масс-старт) алды. Қола медальға Уле-Айнар Бьорндален қол жеткізді.

Әйелдер құрамасы мүлде жүлдесіз қалды. Соңғы рет осындай жағдай тағы сол 1999-шы жылы болған.

Медальдар кестесінде Норвегия алтыншы орын алды. Ал, 2016 жылы олар тек Францияны алға жіберіп, екінші сатыға жайғасқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер