Дәйек пен Шүбә
Футбол

Апсалямовтың футболдағы жорығы

Апсалямовтың футболдағы жорығы
news-banner7
mobile-news-top

Әлішер Апсалямов күні кеше «Қайрат» футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды. Бұл лауазымды босатқан Малик Кушалиев енді алматылық клубтың Бақылаушы кеңесіне мүшелік етеді. Айта кетуіміз керек, Әлішер Апсалямов осыған «Кардифф Сити» мен босниялық «Сараево» клубтарында қызмет еткен болатын. Оның 23 жасында уэльстік клубтың селекция бөліміне басшы болып келуі, британиялық басылымдардың таласа жазуына себеп болған еді. Мамандар 23 жастағы Әлішер Апсалямовтың футбол саласында мүлде тәжірейбесі жоқ екенін алға тартып, малайзиялық басшының клубты құрдымға кетіретін шешім шығарды деп шуласқан. Олардың бақытына қарай, Әлішер Британия жерінде жұмыс істеуге рұқсат ала алмай, жаңа тағайындалған жұмысына кірісіп те үлгермеді. Енді бәрін аз-маз айта кетейік.

8aec5ef5c3185a575bb6bf6b34b88327.jpg

23 жастағы қазақстандық Әлішер Апсалямов «Кардифф Ситидің» менеджері қызметіне тағайындалды. Бұл салада тәжірейбесі жоқ қазақстандықтың қызметке келуі көптеген футбол мамандарының таңданысын тудырды. Британиялық Metro басылымының ақпараты бойынша, оны клуб иесі Винсент Тан орналастырған еді.

Малайзиялық миллиардер «Кардифф Ситидің» селекция бойынша бас маманы Йан Мудидің жұмысына көңілі толмай, қызметінен кетірген болатын. Британиялық басылым Әлішердің жұмысқа тәжірейбесіз алуынуы – оның Винсент Танның баласының досы болғанымен байланыстырады.

fc74da8cc10dc51548c0e8ea73db8441.jpg

Винсент Танмен

Апсалямов осыған дейін бас директор Саймон Лимнің көмекшісі болғанын да айта кетуіміз керек. Дегенмен, ол футбол саласында әлі қызмет етпеген. Йан Мудидің қызметінен кеткені жанкүйерлер мен футбол мамандарының арасында көп талқыланды. Олардың ойынша, бас бапкер Малки Маккейдің оң қолы айтарлықтай қателікке бой алдырмаған. Енді Винсент Тан селекция мәселесі бойынша бапкермен де ақылдаспауды жөн көрген секілді. Клуб иесі «өз адамын» қоюды жоспарлаған деседі. Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, бұл футболшылармен клуб басшысының арасындағы кикілжіңге орай жасалған қадам болуы мүмкін. Футболшылар сол жылы өткен маусымдағы сыйақыларын алмаған. Дегенмен, бұл сыйақы олардың келісімшартында көрсетілмегені анықталған болатын. Малайзиялық ақсүйек клубта «өз адамдарын» тағайындап, команданың жұмысын толықтай өз бақылауында ұстағысы келеді деген де ақпарат шықты. «Ақсүйектік байланыс» клубтың кәсібилігін төмендетеді деген жанкүйерлер клуб басшылығының шешіміне наразалық білдірді. Ақыры бұның бәрі Әлішердің ол елде жұмыс істеуге рұқсат ала алмауымен аяқталған. Енді ол алматылық клубтың бас директоры қызметіне тағайындалды. Осы жолы да ол таныстықтың арқасында тағайындалмаса игі еді. Енді оның басшылығымен клубтың қаншалықты кәсіби деңгейге өсетінін тек уақыт көрсетеді.

aa77e92ab813d96dd33b3c9890daa085.jpg

Айта кету қажет, Әлішер Апсалямов – Мәжілістің экс-депутаты Ерболат Апсалямовтың ұлы. Ерболат Апсалямов қазіргі күні қазақстандық Forbes рейтингісінде 37-ші орында тұр. Мамандар оның байлығын 145 миллион долларға бағалаған. CAMMEX компаниясының бақылаушы үлесіне иелік етеді. Ақмола облысының алтын кеніне иелік еткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер