Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Астанада бокс кеші өтеді»
![Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Астанада бокс кеші өтеді»](https://prosports.kz/upload/news/content/c135aa41ba047aca024d851741b9d23a.jpg?v=28656714)
Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растады.
«Жазда теннистен Президент кубогін, «Жібек жолы - 2017» халықаралық раллиін рейдін, Дүниежүзілік бокс кеңесінің халықаралық конвенциясы мен бокс кешін өткіземіз», - деді Мәдениет және спорт министрі.
Еске салайық, 2017 жылы 10 маусымда Геннадий Головкин мен ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс Астанада жекпе-жек өткізеді деген ақпарат тараған.