Майкл Конлан: «GGG-дың әрбір соққысы күшті»
![Майкл Конлан: «GGG-дың әрбір соққысы күшті»](https://prosports.kz/upload/news/content/afb2ab7d8c28167f23d6652edb58da92.jpg?v=28650883)
Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) - Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) кешінде кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізетін солтүстікирландиялық боксшы Майкл Конлан қазақстандық панчер жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды AleetBoxing сайты.
«GGG-дың әрбір соққысы күшті және оның қарсыластары үшін өте қауіпті. Джейкобс жақсы боксшы. Алайда, Головкиннің соққысына қарсы тұра алмайды», - деді Конлан.
Естеріңізге салайық, Майкл Конлан 1991 жылы Белфаст қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Еуропа және әлем чемпионы атанған. Ал Рио - 2017 Олимпиадасында қола медаль иеленген. Қазір Майкл кәсіпқой бокста бағын сынауда.
Айта кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Шара аясында Конлан америкалық боксшы Тим Ибаррыймен (4-4, 1 КО) кездеседі.