Болжам бұрыш
Футбол

"Мәшине" мен "зеңбірек"

"Мәшине" мен "зеңбірек"
news-banner7
mobile-news-top

"Реал" Мадрид - "Наполи"

Испаниялық команда кездесудің фавориті. Бұл ойын алдында оның үстіне қапталдағы қорғаушылар жарақатынан айығып келіп отыр. Марсело мен Карвахальдің алаңға шығуы "Реалдың" тек қорғанысын ғана емес сонымен қатар қос қапталын да күшейтеді. Бэйлдің өзі жазылғанымен, бүгінгі ойынға тқатысатын футболшылар тізімінде жоқ. Зинедин Зидан шәкірттері чемпионаттағы соңғы ойында аутсайдерді қиналып жеңді.

"Осасуна" - "Реал" 1:3 (Серхио Леон 33; Роналду 24, Иско 62, Лукас Васкес 90+3) Алайда, команда осы ойында кем дегенде 2 доп айырмасын жасауды ойлап отыр. Сырттағы матч алдында басымдылық керек. Роналду мен Бенземаның нағыз гол соғатын күндері сияқты. Сын сағаты тақағанда шеберлер тайқып бермес. Алаң иелерінің жеңісі сенімді секілді. Қосымша айтар болсақ, "Реалдың" бұрыштамасы 4,5-нан көп.

"Бавария" - "Арсенал"

"Неміс мәшинесі" әрқашан өз мықтылығын жасайды. Әсіресе мұндай ірі додаларда. Бірақ, соңғы кездері "Бавариядан" мән кеткендей. "Арсенал" да қатты ойнап жүр. Алаң иелері сапында Боатенг пен Рибери алаңға шыға алмайды. Ал "Арсенал" сапынан Рэмзи мен Касорла. Арсен Венгер қақпаны Давид Оспина қорғайды деп мәлімдеді. "Осы қақпашының арқасында плэй-оффқа жеттік" деді француз маманы. Осыған дейін 1/8 финалдан 6 рет шығып қалған "зеңбірекшілер" осы жолы сәттілікке сенеді. Ал "Баварияның" қиналып тұрған жері алғашқы ойынның өз алаңында өтуі. Дегенмен, Анчелотти мен Венгер арасындағы теке тірес үнемі тартыспен өтетін. Алғашқы матчта немістер допты көбірек ұстап, толассыз шабуыл жасайды. Минималды есеппен жеңіс тіркеп жатса - заңдылық деп қабылдайық. "Баварияның" жеңісі және жалпы тотал 3,5 кем.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер