МӘССАҒАН
Хоккей

Ресей құрамасы Түркияны 42:0 есебімен тас-талқан етті

Ресей құрамасы Түркияны 42:0 есебімен тас-талқан етті
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің жастар құрамасы хоккейден Еуропалық Олимпиада фестивалі-2017 кезінде Түркияның 42:0 есебімен ойсырата жеңді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бірінші шайба Түркия қақпасына ойын басталғаннан кейін бір жарым минутта салынды. Бірінші кезеңде Ресей құрамасы 15 шайба, екіншісінде - 12, үшіншісінде - 15 шайба салды.

Ең көп шайба салған Егор Сердюк. Ол қарсыластарының қақапасынан алты рет саңылау тапты. Ярослав Лихачев бес шайба, Артемий Князев пен Даниил Гутик төрт шайбадан салды. Ресейліктер 113 рет шабуыл жасаған, түріктер небәрі - 9 рет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер