Спорт жанкүйерлері
Қысқы

Норвегиялық ерінге арналған шипамай үшін 13 айға спорттан шеттетілді

Норвегиялық ерінге арналған шипамай үшін 13 айға спорттан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Норвегиялық шаңғышы Тереза Йохауг 13 айға спорттан шеттетілді. Норвегияның антидопингтік агенттігінің хабарлауынша, шешімді елдің Олимпиада комитеті шығарған.

Дисквалификация уақыты 2016 жылдың 18-ші қазанынан басталады. Спортшының 2018 жылы өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар.

Спортшының қанынан клостебол табылған. 28 жастағы норвегиялық бұл заттың ағзаға ерінге арналған шипамай арқылы түскенін айтып ақталды. Шипамайды оның дәрігері жазып берген.

— Комитеттің менің нәтижемді жақсарту үшін ерінге арналған шипамайды әдейі қолданбағанымды түсінгеніне алғыс білдіремін. Сонымен қатар, комиттетің құрама дәрігеріне сенбеуіме еш дәйектің жоқ екенін түсінгеніне алғыс айтамын. Допинг-ережелердің қатаң болуы керек екенін білемін. Бірақ, ерінге арналған шипамай үшін 13 ай спорттан шеттетуді дұрыс деп санамаймын. Қорғаушыммен сөйлесіп, ары қарай не істейтінімізді ақылдасамыз,- деді шаңғышы.

Естеріңізге сала кетейін, Йохауг Олимпиада ойындарының үш мәрте жүлдегері және 11 мәрте әлем чемпионатының жеңімпаздар тұғырына көтерілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер