Қысқы

Айза Мамбекова: «Мақсатым – Олимпиада ойындарына жолдама алу»

Айза Мамбекова: «Мақсатым – Олимпиада ойындарына жолдама алу»
news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаудан Универсиадада Қазақстан намысын қорғаған Айза Мамбекова өзінің болашақ жоспарымен бөлісті.

- Универсиадада көп тәжірибе жинадым. Бұл жарысқа мен өте тыңғылықты дайындалған болатынмын. Маған қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді.

Ендігі мақсатым – Олимпиада ойындарына жолдама алу. Бұл менің арманым десе де болады. Қазіргі таңда, бос уақытым жоқ. Бар ойым мәнерлеп сырғанауда.

3401f19a8c85949f8a4815509d2d388f.jpg

Денис Тен - ұлы спортшы. Өз елінің патриоты. Ол бос уақытында үнемі бізге көмектеседі, шеберлік-сыныбын өткізеді. Ол болашақта мықты бапкер болуы мүмкін. Себебі Денис бәрін жақсы түсіндіреді.

Элизабет Тұрсынбаева дейсіз бе? Оның Универсиадаға қатыса алмаған себебі, жасы 16-да. Универсиадаға тек 17 жастан асқан спортшылар ғана қатыса алады. Элизабетті бұрыннан бері танимын, бірге жаттығамыз. Жалпы ұлттық құрамада біз бәріміз бір-бірімен доспыз.

cd6f73b7476127629d84f8df047fee22.jpg

Әрине, Универсиада алдында қобалжу болды. Соның кесірінен қысқа бағдарламада қателіктер кетті. Туған жерімде өнер көрсеткен соң жауапкершілік екі есе көп қой. Бірақ соған қарамастан, өз өнеріме көңілім толды. Әлі де үйренетін нәрсе көп. Алдағы уақытта Азия ойындарына аттанамын, - деді Айза Мамбекова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер