Қысқы

Қазақстан хоккейшілері финалда тағы да ұтылып қалды

Қазақстан хоккейшілері финалда тағы да ұтылып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыдағы қысқы Универсиаданың хоккей жарысында Қазақстан мен Ресей құрамалары финалда кездесті.

Ойын шайбаларға толы бола қойған жоқ. Алғашқы екі кезеңде жанкүйерлер гол көре алмады. Тек үшінші кезеңнің басында ресейліктер Даниил Ильиннің көмегімен есепте алға шықты.

Біздің хоккейшілер қалған уақытта есепті теңестіруге тырысқанымен, таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ – 0:1. Ресей финалда жеңіске жетіп, алтын медальді олжалады. Күміс жүлде қазақстандықтарға бұйырса, үздік үштікті Канада хоккейшілері түйіндеді.

Айта кетейік, хоккейден Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет Универсиаданың финалында жеңіліп отыр. Олар 2013 жылы Канадаға жол берсе, осыдан екі жыл бұрын бүгінгі қарсыласы Ресейден ұтылып қалған болатын.

Қазақстан — Ресей 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

Шайба:

0:1 — 41:32 Ильин

Қақпашылар: Кудрявцев — Андрюхов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер