Қысқы

Галина Вишневская тағы бір «алтынды» еншісіне жазды

Галина Вишневская тағы бір «алтынды» еншісіне жазды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыдағы қысқы Универсиадада қоржынымыз тағы бір алтын медальмен толықты.

Қазақстандық Галина Вишневская биатлоннан алтын медаль жеңіп алды. Галина 12,5 шақырымдық масс-старт жарысында сыр берген жоқ.

Отандасымыз 36:15.4 көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орынды украиналық Яна Бондарь алса, үздік үштікті ресейлік Лариса Куклина түйіндеді.

Айта кетейік, бұл сында еліміздің намысын қорғаған Елизавета Бельченко төртінші, Дарья Усанова бесінші орындарға табан тіреді. Александра Сассина мәре сызығын 13-ші болып кесті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер