Қысқы

Универсиаданың әлеуметке пайдасы

Универсиаданың әлеуметке пайдасы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін біз Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиаданың халыққа экономикалық әрі әлеуметтік пайдасы туралы сөз қозғамақпыз.

Сәтті ұйымдастырылған халықаралық шаралардың кейіннен ұзақ уақыт бойы инвестиция көзі болатыны әлемдік тәжірейбемен дәлелденген. Қазақстан мен Алматы үшін бұл өте керек дүние. Себебі, мегаполюс қарқынды өсіп, ірі жобаралды іске асырып жүр.

Универсиаданың жүйелі дайындығына 220 компания септігін тигізуде. Олардың қол астындағы қызметкерлер саны 5 мың адамға жуық. Олардың 80 пайызы – алматылықтар. Салынған 13,8 млрд теңгенің 1,7 млрд теңгесі НДС ретінде қайта қазынаға оралады. Бұл басқа салықтарды есептемегендегі қаржы сомасы.

Көптеген алматылық сауда ұйымдары үшін Универсиада қосымша табыс көзі ретінде қарастырылады. Global Destination Cities Indeх ақпараты бойынша, 2016 жылы Алматыға келген туристер күніне 250 доллар жұмсаған.

Универсиада кезінде 100-ге жуық алматылық сауда орталықтары «Almaty Sales Festival» шарасы аясында жеңілдіктер жасалды. Тауарларға белгіленген жеңілдік мөлшері 80 % құрайды.

Соңғы жылдары «Медеу» мен «Шымбұлақ» қонақтарының саны екі есеге артқан

Тұрғындардың, әсіресе жастардың, спортпен белсенді айналысу мен салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығы қарқынды өсіп келеді. Қала басшылығының ақпараты бойынша, «Медеу» мен «Шымбұлаққа» келетін қонақтар саны екі есеге артқан. Коньки тебушілер саны 60 пайызға өсіп отыр. Ал, сноуборд пен шаңғы спортына қызығатындар саны 30 пайызға артты.

«Табаған» мен «Шымбұлақ» кешендерін қайта өңдегеннен кейін шаңғы спортымен айналысудағы қауіпсіздік пен сапаның артқаны бірден көзге көрінеді. Сонымен қатар, біз кешендердің жұмыс істеу маусымын бір айға асырдық». - деп айтылды Универсиадаға дайындық және өткізу Дирекциясында.

Алматыдағы мейрамханалар мен кафелер сапалылығы жағынан жоғарғы көрсеткіш көрсетті

Ірі халықаралық жарыстардың өтуі – жанкүйерлерді күтіп алу үшін жасалатын емтихан десек болар.

«Универсиада ұсынады» бағдарламасының аясында 87% алматылық кафелер мен мейрамханалар сапалылық тексерістен өткен. 106 мейрамхана мен кафе, 99 қонақ үй және хостелдер арнайы рұқсат қағазын алды.

Универсиададан кейін Алматыдағы үй кезегінде тұрған адамдар саны 10 пайызға азаяды.

Универсиаданың арқасында қаланың Алатау ауданы қарқынды дамуға мүмкіндік алды. Бұл аудан қала тұрғындарының көптеп келетін жерлерінің біріне айналды. «Алматы Арена» мен Атлеттер ауданы тұрғызылып, дүбірлі дода өткеннен кейін де халыққа қызмет етеді. Алдағы үш жыл ішінде тағы 279 үй тұрығызылады. Сонымен қатар, аурухана, банк бөлімшелері, полиция бөлімшесі мен пошта тұрғызылмақ.

Универсиада нысандарын тұрғызу үшін 31 мың адамға жұмыс табылған

Сәтті ұйымдастырылған халықаралық шаралардың кейіннен ұзақ уақыт бойы инвестиция көзі болатыны әлемдік тәжірейбемен дәлелденген. Қазақстан мен Алматы үшін бұл өте керек дүние. Себебі, мегаполюс қарқынды өсіп, ірі жобаралды іске асырып жүр.

Универсиада нысандарын тұрғызу барысында белсенді экономикалық қызметке 31 мың адам тартылған. Кіші және орта бизнес компанияларының 1,5 мың адамы жұмыспен қамтамасыз етілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер