Спорт жанкүйерлері
Қысқы

Марат Жапаров осы маусымда үшінші рет әлем кубогының негізгі кезеңіне өтті

Марат Жапаров осы маусымда үшінші рет әлем кубогының негізгі кезеңіне өтті
news-banner7
mobile-news-top

Марат Жапаров осы маусымда үшінші рет әлем кубогының негізгі кезеңіне өтті.

Марат Жапаров 115.5 метрге секіріп, 39-шы орын алған. Бұл оның іріктеуден өтуіне жеткілікті болды. Өкінішке қарай, құраманың басқа жігіттері жақсы нәтиже көрсете алмады. Сергей Ткаченко 50-ші орын (112 м) алса, Николай Карпенко – 54-ші (107 м), ал Сабыржан Муминовты мүлдем жарыстан шеттетіп тастады.

Негізгі кезеңде Марат сәтті секіре алмады. 110 метрге қалықтаған қазақстандық тек 49-шы орыннан көріне алды. Аталмыш нәтиже оның екінші рет секіруіне мүмкіндік бермеді.

Бұл кезеңде жалпы есептегі көшбасшы польшалық Камиль Стох жеңімпаз атанды. Стох 131 метр нәтижемен алдына жан салмады. Одан кейін германиялық Андреас Веллингер мен Рихард Фрайтаг тиісінше, екінші және үшінші орын алды.

Командалық есепте германиялықтар Польша мен Словенияны артқа тастап, бірінші орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы - 11-ші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер