«Қайрат» «Локомотивпен» кездеседі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАлматылық «Қайраттың» ақпандағы бір қарсыласы белгілі болды.
Болгариялық БАҚ-тың хабарлауынша, пловдивтік «Локомотивтің» қарсыласы өзгерді. Команда «Милсамиге» қарсы ойынмен жиынды аяқтағысы келген. Бірақ молдавалық команданың орнына алматылық «Қайратпен» күш сынасады.
Матч 8 ақпанда өтеді деп жоспарлануда.
Айта кетейік, «Локомотив» «Қайратқа» дейін қазақстандық тағы бір ұжым «Қайсармен» кездеседі. Ойын 26 қаңтарда өтеді.