СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Басқа

Тарих қойнауында. Спорттағы қызықты оқиғалар. 1-бөлім

Тарих қойнауында. Спорттағы қызықты оқиғалар. 1-бөлім
news-banner7
mobile-news-top

Спортшылар жанкүйерлер үшін жарысады, жанкүйерлері үшін бақ сынасады. Кейде сол жанкүйерлердің есінде жүлделер мен нәтижелер емес, қызықты оқиғалар қалып қояды. Мұндай оқиғалар спортта жетіп артылады. Назарларыңызға осындай жайттардың бір топтамасын ұсынамыз.

- 2002 жылы Мадагаскар чемпионатында «Стад Олимпик Л'Эмирн» футбол клубы чемпиондыққа таласып жатқан, бірақ біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда әділетсіз пенальтидің кесіренен тең түсіп қалады да, чемпиондықтан қол үзеді. Ашуланған футболшылар соңғы матчта «АС Адемаға» қарсы ойында допты өз қақпаларына тоғыта бастайды. Нәтижесінде есеп – 149:0. «АС Амеда» осылайша өздері гол соқпаса да, ірі есеппен жеңу бойынша рекорд орнатты.

- 1932 жылы Ұлы депрессия кезінде Бразилия басшылығы өз спортшыларын Лас-Анджелестегі Олимпиада ойындарына апару үшін қаржы таба алмады. Сондықтан 82 атлеттер құралған делегацияны кофе тиілген кемеге мінгізеді де, жол бойы соны сатып шығуды міндеттейді. Сан-Педроға жеткен соң спортшылар қиындыққа тап болады: порттың әкімшілері жағалауға түсетін әр спортшы үшін бір доллардан төлеуді талап етеді. Нәтижесінде кемеден медаль алуға мүмкіндігі бар спортшылар ғана түсіп қалды. Артынша кеме Сан-Францискоға барып, кофелерді сатады да, Сан-Педроға қайта оралып, бірнеше атлеттерін қалдырып кетеді. Бірақ бәрібір бразилиялық 15 спортшы Лас-Анджелестегі Олимпиадаға бара алмады.

- 1976 жылы Ереван өзеніне троллейбус құлап кетті. Бұл өзеннің қасында жүзуден сол кездегі әлем чемпионы әрі бірнеше рекордтардың иесі Шаварш Карапетян мен оның бауыры таңғы жаттығу жасап жүреді. Апатты көрген олар бірден суға секіре кетіп, троллейбустағы жолаушыларды құтқара бастайды. Шаварш өзеннің түбіне кеткен троллейбустың терезесін сындырып, адамдарды бір-бірден шығара бастайды. Нәтижесінде Карапетян мен оның бауыры 20-ға жуық адамды құтқарып қалды. Соның салдарынан Шаварш пневмониямен ауырып, ұзақ уақыт емделеді. Кейін спортқа қайта оралғанымен, көп ұзамай мансабын аяқтауға тура келді.

- 2003 жылы шахмат пен бокстың бірігуінен жасалған шахбокс спорты дүниеге келді. Спортшылар 11 раунд бойы кім мықтыны анықтайды: тақ санды раундтарда шахмат ойнаса, жұп сандарда рингке шығып, жұдырықтасады. Кім бірінші нокаутқа жібереді не мат қояды, сол жеңіске жетеді. Боксшылар салмақ дәрежесіне бөлінеді, ал халықаралық қауымдастық түрлі турнирлер ұйымдастырып тұрады.

- Формула-1 автожарысына еркектермен бір қатарда әйелдерге де қатысуға болады. Сайыстың тарихында осындай бес әйел болған. Бірақ олардың екеуі ғана іріктеуден өте алды. 1975 жылы италиялық Лелла Ломбарди гран-прилердің бірінде ұпай еншілей алған болатын. Әйелдер арасындағы ең жақсы нәтиже – осы.

- 1956 жылы футболдан Англия кубогының финалында «Манчестер Ситидің» қақпашысы Берт Траутманн ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда мойнын жарақаттап алды. Алайда голкипер жарақатына қарамастан, ойынды аяқтап тастауды ұйғарады. Нәтижесінде оның командасы жеңіске жетті. Ал Берт бірнеше күннен кейін рентген жасатқан, сөйтсе, Траутманн ойынды сынған мойынмен жалғастырыпты.

- «Штуггарттың» бразилиялық футболшысы Джоване Элбер матчтардың бірінде алғашқы таймда төрешіге қарсы болғаны үшін сары қағаз алады. Ал үзілістен кейін Элбер аузына қызыл скотч жабыстырып шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер