Суреттер сөйлейді. Ең сұлу теннисші қыз - Ана Иванович
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызӘлемнің экс-бірінші ракеткасы, 29 жастағы сербиялық теннисші Анна Иванович кәсіби мансабын жақында ғана аяқтаған болатын.
Бұл туралы спортшы Facebook-тегі өзінің парақшасына орналастырған бейнебаянда мәлімдеді..
«Мен теннистегі кәсіби мансабымды аяқтауды ұйғардым. Бұл шешім маған қиынға соқты. Бірақ менің атап өтер жетістіктерім бар. Тенниске келгенде мен 5 жаста едім, ата-анам мені осы жылдар бойы қолдап келді, тіпті 2008 жылы Ролан Гарросты жеңген кезде, арман ете алмаған жетістіктерге қол жеткіздім. WTA-ның 15 атағына ие болдым. Федерация кубогында 5 рет өнер көрсеттім. Меніңше, бұл Сербиядан шыққан қарапайым қыз үшін жаман емес», - дейді спортшы видеода.
Айта кететін нәрсе, сербиялық теннисші қыз тек өзінің спорттық нәтижелерімен ғана емес, сұлулығымен де көзге түскен болатын. Оны осы суреттерден аңғаруға болады.