FooTBall Әлемі
Футбол

Сұрмерген қақпашылар

Сұрмерген қақпашылар
news-banner7
mobile-news-top

Футбол тарихындағы ең үздік бомбардир-қақпашы кім?

Бұған сену қиын, бірақ футболда 100-ден астам гол соққан қақпашы бар екен. Бұл Бразилия сапында 2002-ші жылы әлем чемпионы атанған Рожерио Сени. Былтыр ғана үлкен спортпен қош айтысқан бразилиялық голкипер өз мансабында 135 гол соқты. Сұмдық көрсеткіш! Доптардың көп бөлігі пенальти мен айып соққыдан соғылды. Айта кетер жайт, Рожерио Сени футболшы мансабын толығымен «Сан-Паулода» өткізді. 1992-ші жылдан бері Рожерио тек бір клубтың намысын қорғады. Қазіргі таңда, Сени туған командасында бас бапкер болып қызмет атқарады.

abc02352e87effb8037fb20e7b0b78d1.jpg

Тағы бір сұрмерген қақпашы - атақты парагвайлық Хосе Луис Чилаверт. Ол өз мансабында 62 гол соғыпты. Ең қызығы, Чилаверт қақпашылар арасында хет-трик жасаған тұңғыш голкипер екен. Рожерио Сениден қарағанда Хосе Луис Еуропада өнер көрсетіп үлгерді. Чилаверт испаниялық «Реал Сарагоса» мен франциялық «Страсбурда» ойнаған. Әр командасында парагвайлық қақпашы кем дегенде бір голдан соққан. «Бульдог» лақап атымен танымал болған Чилаверт 2005-ші жылы кәсіпқой мансабын аяқтады.

60f99309acc55f58136e17f2f1fe95b1.jpg

Ал бомбардир-қақпашылардың үздік үштігін Болгария құрамасының бұрынғы голкипері Димитр Иванков түйіндейді. «Левскидің» аңыз ойыншысы өз мансабында 42 гол соққан екен. Доптардың бәрін пенальтиден енгізіпті. Иванков ел біріншілігінде он жыл өткізіп, артынша түркиялық клубтарда ойнады. Димитр үлкен спорттан 2011-ші жылы кетті.

e308c17a254fe4f9da229117246af3ee.jpg

Сұрмерген қақпашылардың тізімі мынадай:

1. Рожерио Сени (Бразилия) - 135 гол

2. Хосе Луис Чилаверт (Парагвай) - 62

3. Димитр Иванков (Болгария) - 42

4. Рене Игита (Колумбия) - 41

5. Джонни Фернандез (Перу) - 39

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер