Дәйек пен Шүбә
Футбол

ӘЧ. 48 команданың футболға пайдасы тие ме?

ӘЧ. 48 команданың футболға пайдасы тие ме?
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА тағы да революция жасады. 2026 жылдан бастап әлем чемпионатына 48 команда келеді. Қазір турнирдың өту ережесі белгісіз күйінде қалуда. Бірақ, реформа қабылданды. Енді тек күту ғана қалды. Бұл шынымен футболдың дамуы үшін жасалған қадам ба?

Бір жыл бұрын Джанни Инфантино ФИФА президенті қызметіне түсер алдында әлем чемпионатында 40 команда көргісі келетінін айтқан болатын. Ал, енді ресми түрде турнирге 48 команда хабарлайтынын айтты. Бірақ бұл қадам футболды дамыта ала ма?

Sky Sports ақпараты бойынша, әлем чемпионатына Африка мен Азиядан қосымша 4 құрамадан барады. Бір жағынан бұл жақсы да шығар. Жаңа командалар, жаңа ойыншылар, жаңа таланттар, футболды таныту және тарату. Дегенмен, олар қандай құрамалар? Осының алдындағы әлем чемпионатын еске салсақ, Бразилияға Азиядан Иордания, Өзбекстан, Катар және Оман құрамалары; Африкадан Сенегал, Эфиопия, Тунис және Буркина-Фасо құрамалары баруға шақ қалған болатын. Жаңа ережемен алсақ, олар Бразилиядағы доп додасына қатысатын еді. Бұл құрамалардың келуімен турнирдың қызығы да кететін сияқты. Қазірдің өзінде адамдар әлем чемпионатындағы кейбір топтық кезеңдегі матчтарды көрмейді. Ал, қосымша қосылған құрамалардың ойыны қызық болады деуге сену қиын.

ФИФА басшылары жаңа ережемен, бұдан да көп телеаудитория жинап, көп ақша табуға болады дегенді алға тартуда. Бірақ оның футболдың дамуына қандай қатысы бар? Егер жұлдыздың жанында жүрсең, оның қол жетпестей болып көруінуінің еш мәнісі қалмайтын еді. Әлем чемпионатына оңай түсетініңді білу - турнирдың маңыздылығын жоғалтады. Біз бапкерлердің тек қорғаныста жатып, ұпай жоғалтпау үшін ұйымдастырған іш пыстырарлық ойындарын көреміз. Бұрындары іріктеудің қатал сынынан өткен, жаңа командаларды күтуші едік. Себебі, аз ғана команда өтетін іріктеу турнирында мықтымыз деген құрамалардың өздері де сан соғып қалатын. Сол үшін де ешбір құрама іріктеуде екінші, үшінші, төртінші құрамдарын шығармайтын. Өйткені турнирдың маңыздылығы жоғары болды. Футболды ең алдымен бәсекелестік дамытады. Ал, 48 команда өте алатын турнирда бәсекелестіктің көп болатынына сенімді емеспіз. Сіз қалай ойлайсыз?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер