Футбол

Мен қалай комментатор болдым

Мен қалай комментатор болдым
news-banner7
mobile-news-top

2010-жылдың тамыз айында өткен кастингке 2-турдан бастап қатыстым. Алғашқысын өткізіп алыппын. Қазақстан премьер-лигасының ойынын жүргіздік. Бұлдыраған картинаға қарап отырып, бірдеңе сөйлеу нағыз азап екен. 40 шақты үміткер сол ел футболының байқауынан кейін 2 есеге азайыппыз. Өз басым сол кастинг, байқау деген дүниелерге аса қатты сенбейтін адам едім. Үйткені студент шағымда 4 жыл бойы талай кастингтің табалдырығын тоздырғам. 3-турда шет елдің ойындарын жүргізе бастадық. Көрініс тамаша, тек әңгіме айта білу қажет. Бұл турдан кейін үміткерлер саны 3-4 адамға қысқарыпты. Ал 4-турда режиссерлер қоңырау шалып тек 2 адам қалғанын айтты. Бірі мен ал екіншісі... Шалқар Естен екен. Газетте ұстаздық етіп, ақыл-кеңесін аямаған ағам алдымнан шықты. «Манчестер Юнайтед» пен «Баварияның» 3:2 болатын ойынын жүргіздік. Тек алғашқы таймын ғана. Ол ойын 3:2 болып аяқталып, келесі кезеңге «Бавария» өткен болатын. Ал бірінші таймда «Манчестер» 3:0 есебімен жеңіске жетіп тұрған. Өзім «қызыл сойқандардың» жанкүйері болғандықтан ақпарат мәселесінде еш қиналмадым. Тек сөйлеуге ғана баса мән бердім. Кейіннен, естігенімдей кастингтен екі үміткер де өтіпті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер