Дәйек пен Шүбә
Басқа

Ажалға қарсы тұрғандар

Ажалға қарсы тұрғандар
news-banner7
mobile-news-top

Бір қарағанда дені саудың барлығы тек осы салада деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ күні-түні жаттығу жасап, жейтін тамағына дейін тиянақты қарайтын спортшыларды да ауру айналып өтпейді. Бүгін біз басына берілген қатерлі ауруларды жеңген спортшылар жайлы сөз қозғамақпыз. Олар спортта ғана емес, өмірде де чемпион болғандар. Себебі олар өмір мен өлім бір сызыққа келіп, болашағы бұлыңғыр кезінде салы суға кетпей, өмір үшін күресте жеңіп шықты. Қырық қырсықтай жабысқан қатерлі ісікті жеңді. Өзіне сенді. Өмір сүрді. Олар көптеген науқас адамдарға үміт бергендей болды. Себебі сөзбен жұбату бір бөлек, бастан кешіп, онымен күресу бір бөлек емес пе?

Эрик Абидаль

Қатерлікті ісікті жеңген кезде Эрик Абидальдың есімі оның барлық жеңіп алған медальдары мен кубоктарынан да жоғары қойылды. Оның есімі тек «футболшының» шеңберінде қалмай, әлем оны нағыз жеңімпаз ретінде таныды.

Оның басына қатер 2009 жылы келген болатын. Ол жылы Абидаль шошқа тұмауына шалдыққан болатын. Бірнеше айлардан кейін қорғаушы алаңға қайта оралып, үздік нәтижелерін көрсетуге дайын еді. Бірақ, қуаныш ұзаққа созылмады. 2011 жылы Абидальдан бауыр қатерлігі ісігін тапқан. Дәрігерлер тіпті оның көп өмір сүретініне де күмән келтірген. Бірақ, бақытына орай футболшы отаны сәтті өткізді. Ол тек өмірге қайта оралмай, футболшы мансабын да қайта бастады. 2013 жылы қыста жаттығуын бастап, сол жылдың сәуір айында алаңға шықты.

3609965792557ecb00e64b1f825192fc.jpg

Лэнс Армстронг

Лэнс Армстронгтың есімі «Тур де Франс» жанкүйерлеріне ғана емес, оның сыртында да айтылады. Оның есімі аталған сәтте бірден қатерлікті ісікті жеңген адам ретінде елестетесің. Ол жеңіп қана қоймай, спортқа қайта оралды.

22 жасында-ақ әлем чемпионатында топ жарған спортшы қатерлі ісікке шалдығады. Оның ұзақ әрі ауыр өткенін спортшы өз аузымен талай айтқан болатын. Бірақ, 1998 жылы Ленс ауруды жеңіп қана қоймай, велоспортқа қайта оралды. Сонымен қатар, «Тур де Франсты» жеті рет қатарынан жеңіп алды. Бірақ, атақ-даңқпен бірге дау-дамайда қоса келді. Ленс допинг дауына қатысы барын мойындап, атағынан айырылған болатын. Дегенмен, оның нағыз чемпион екені анық.

4093a692d71f7378424e6434530711cf.jpg

Дэниел Джейкобс

2011 жылы Дэниел Джейкоб кәсіпқой бокстан алыстап кетті. Ол уақытта Джейкобс болашағынан мол үміт күттіретін боксшылардың бірі еді. The New York Daily News басылымы бұның себебі остеосаркома ауруы екенін жазды. Қатерлі ісіктің бұл түрі спортшының аяғын сал жасап, оның өкпесі мен ми жүйкесін зақымдауға кіріскен. Сондықтан да мансабын жалғастыру жайлы сөз тұрмақ, ойдың да болмағаны анық.

Боксшы аурудан айығу үшін 19 ай уақытын жұмсады. Спортшы ауруынан айығып, 2012 жылы рингке қайта оралды. Онысы сәтті де. Наурыз айында Джейкобс орта салмақтың супер чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасады.

2811baf0ba8a12635182c528c39b178f.jpg

Саку Койву

Хоккейшілер үшін ауру мен жарақат түкке тұрмайтын секілді көрінеді. Себебі олар әр жаттығуда, әр ойында жарақаттың түр-түрін алатынын білеміз. Оларға ауырсыну сезімі тансық емес. Дегенмен, Саку күндердің күнінде қатерлі ісікке қарсы күресетінін үш ұйықтаса түсінде көрмеген еді.

Сакудың мансабы өрге шыққан кезде 2001 жылы хоккейшіден қатерлі ісік лимфомасын табады. Бұл диагноз тек спортшы емес, Саку капитан болған «Монреаль Канадиенс» командасына да ауыр тиді.

Бірнеше химиятерапия мен отадан кейін Сакудың мұз айдынан оралатынына күмән келтіруге болатын еді. Физикалық түрде өте әлсізденген хоккейшінің мансабын жалғастыру мүмкін еместей көрінді. Бірақ, Саку қандай жағдай болмасын хоккейге оралуға уәде берген болатын. Ол уәдесінде тұрды.

2002 жылы Саку хоккейші «Монреаль Канадиенс» — «Оттава Сенаторз». матчына шықты. Койву алаңға 8 минут 22 секундқа шыққан болатын.

45b8904f5ef26dc7da371abdab72a4e3.jpg

Вильма Рудольф

Біздің бүгінгі тізімде нәзік жандар да бар. Жеңіл атлетші әйел затының да қиындыққа қасқая қарсы тұра алатынын барша әлемге паш етті.

Вильма отбасындағы 20-шы бала болған. Бала кезінен көрмегенді көріп, ауырмаған ауруды бастан өткерген болашақ жұлдыз өміріндегі ең үлкен сынаққа қарсы түруы керек болды. Ол сынақ - полиомиелит. Осы ауруға шалдыққаннан кейін Вильманың сол аяғы жартылай сал болып қалды. Дәрігерлер оған мүгедектер арбасына таныласың деген үкім шығарған. Ол кезде Вильма 4 жаста еді. 12 жасында ол спортпен шұғылдана бастады. 14 жасында бапкерлердің көзіне түсті. Римдегі Олимпиадаға қатысып, 100 метрде әлем рекордын қайталаса, 200 метрде оны жаңартты. Айта кету керек, Вильма АҚШ тарихында алғаш рет 200 метрде Олимпиада чемпионы атанды. Жалпы мансабында ол үш дүркін Олимпиада алтынын жеңіп алды.

Вильма кішкентай кезінен табандылық пен қайраттың не екенін көрсеткен. Бір кездері мүгедектер арбасына танылуы тиіс Рудольф, үш дүрін Олимпиада чемпионы атанды. Спортшы қартайған шағында ми қатерлі ісігіне шалдығады. Өкінішке орай, спортшы бұл жолы жеңімпаз атана алмады. Аңыз атлет 54 жасында өмірден өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер