«Тоттенхэм» топ жаруы мүмкін
![«Тоттенхэм» топ жаруы мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content/7df4facc9e7e80c449e27b1b7c152550.jpg?v=28665067)
Жаңа жыл жақындаса Ұлыбританияда жасыл алаңдағы жарыстар қыза түседі. Премьер-лиганың 18-туры аясында "Саутгемптон" "Сэнт Мэрис" стадионында "Тоттенхэмге" жеңілді. Алаң иелерінен Вирджил Ван Дейк 2-минутта есеп ашты. Алайда, биыл алғашқы төрттікке енгісі келетін лондондық клуб қатарынан 4 гол соғып, алаң иелерінің көңілін су сепкендей басты. Хари Кэйн мен Хон Сын Мин соққан екі гол және Делли Аллидің дубльі қорытынды нәтижені шығарды. Есеп 1:4. "Тоттенхем" осы матчтан кейін 36 ұпаймен, 5-орында тұр. Айта кетейік "Боксиң дейдің" аясындағы "Тоттенхэмнің" келесі ойыны 1 қаңтар күні өтеді. Ол кезде Маурисио Почеттино шәкірттері "Уотфордқа" қонаққа барады.
МАУРИСИО ПОЧЕТТИНО, "ТОТТЭНХЕМ" КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ
- Ойынның басы қатты болғанымен, аяғы тәтті болды. Алғашқы 10-15 минутта біз есеңгіреп қалдық. Алаңнан өз-өзімізді таба алмадық. Бірақ, есепті теңестірісімен барлығы қалпына келді. Жігіттер мінез көрсетіп, жеңісті жұлып әкетті.