Дәйек пен Шүбә
Футбол

Жанбай жатып сөнген футболшылар

Жанбай жатып сөнген футболшылар
news-banner7
mobile-news-top

Бірнеше жылдар бұрын бұл футболшыларды қазақ футболының болашағы ретінде қарастырған болатын. Ұлттық құрама мен шетелдік клубтарда тәуір ойнауы тиіс футболшылар бір мезетте құрдымға кетті. Халықаралық арена былай тұрсын, ел біріншілігінде де жасындай жарқылдай алмады. Бұл өз кездеріндегі жас таланттардың бәрі «лимиттің» дәмін татқандар. Жас мөлшеріне қарамай, бірден бәйгеге шапқан еді. Жанкүйерлер үміті ақталмаған күйі қалды. Олар кімдер?

Вячеслав Эрбес

26ecd6984d82437359fb000cfa89080a.jpg

Ол ұлттық құрама сапында жеті ойын өткізді. Ұлы «Уэмбли» алаңында доп теуіп үлгерді. Бірақ футболшы «Востоктан» басқа жерде өзін көрсете алмады. «Локомотив», «Шахтер» сапында тек қосалқы құрамның ойыншысы рөлін орындап, ұзақ уақыт жарақатын емдеді. Көпшілік оны жүйенің құрбаны болды деп есептейді. Премьер-лигада жас мөлшеріне байланысты алаңға шығатын балауыз ойыншыларды орталық жартылай қорғаушы орнына қоя бермейтіні анық. Эрбес өзінің «бокс ту бокс» амплуасын қорғаныс пен жартылай қорғаныстың қапталына ауыстыруға мәжбүр болды. Кейіннен ол өзінің амплуасында ойнау үшін Бірінші лигадан басқа жер таба алмады. Таланттың жұлдызы ерте сөнді деуге болатын шығар.

Сабырхан Ыбраев

02c1e2ea24f0743b024ae0a43bf69427.jpg

Сабырхан да бірден мамандардың көзіне түскен еді. Жоғары дивизионда ол өте ерте ойнай бастады. Орта мектептің оқушысы кезінде ол біріншілікте доп тепкен еді. «Ертісте» Сергей Волгин талантты жартылай қорғаушыны қапталға қоюды жөн санаған. Ибраев та орталың алаңдағы орнын ауыстыруына мәжбүр болды. Кейіннен Огай да «Тобылда» футболшыны қапталда пайдаланғанын білесіздер.

Ол өз кезегінде Арно Пайперстің де, Бернд Шторктың да құрамасына іліккен болатын. Бірақ, Ыбраев жасы өскен сайын клубтардың негізгі құрамынан орын ала алмады. Неше рет Ыбраев Премьер-лигаға оралып көрген. Дегенмен, ол ойы іс жүзінде жүзеге аса қоймады. Қазіргі күні ол «Қайсарда» байқауда жүр. Талантты футболшының жоғарғы лигаға қайта оралу үшін жасаған тағы бір талпынысынан не шығады екен?

Ерзат Кенбаев

d62f21d3b2303a9d48d50d7cfbcc38bd.jpg

«Кьеза». Ерзатты италиялық қайсар мінез шабуылшының есімімен атайтын еді. Жас кезінен чемпионатта гол соққан жігіт, талайды тамсандырған. Сонымен қатар, Ерзатқа ресейлік және батыс еурпалық клубтардың да қызығушылығы бар деген сыбыстар да болатын. Кезінде Херард Пикедей қорғаушысы бар Испанияға гол соққан Кенбаев «лимиттік» жасы өскеннен кейін, бір команданың негізгі құрамына іліге алмады. Осындай «хэппи ендсіз» ертегі.

Сергей Ларин

e232fb367f1844fafba3c8500ea996b4.jpg

Кезінде мәскеулік ЦСКА клубының өзі келісім шарт ұсынған Ларин бүгінгі күні балалар жаттықтырушысы қызметінде жүр. Ел біріншілігіндегі жолын жарқын бастаған Сергей, көпшіліктің үмітін оятқан еді. Жартылай қорғаныстың қапталында ойқастаған футболшының спорттағы күні сөнді деуге болатын шығар. Ол шынымен де таланттылардың бірі еді. Ұлттық құрама сапында 25 матч ойнап үлгергені тегін емес. Ол жасөспірім шағында-ақ Сергей Тимофеевтің кезінде ойнап, Пайперстің қол астында Бяковпен бірге негізгі құрамдағы орынға талас жүргізді. Футболшының жасы 27-ге келмей жатып мансабын «жерлегені» жанкүйерлердің өзегін өртейді.

Абзал Жұмабаев

bf36655012e386d4f503931707e410cc.jpg

Екінші Смақов. «Алма-Атаның» қорғаушысына жанкүйерлер осы атты қосып берген болатын. Ол алаңда кез-келген шабуылшыға қарсы тегеурінді қарсылық көрсетіп, ойынның соңына дейін күресетін еді. Бұндай денесі ірі болмаса да, күрес жүргізе алатын қорғаушылар жоқтың қасы. Сондықтан да Смақов жалғыз. Ал Абзал ондай бола алмады. Таланттан бөлек, футболшыға еңбек пен қайраттың да керек екені анық. Бұл жағдайда Жұмабаевтың шыдамы жетпеген секілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер