русский язык
Футбол

Кабананга Конго ДР құрамасының соңғы тізіміне енді

«Астананың» шабуылшысы Джуниор Кабананга Конго Демократиялық Республикасы құрамасының соңғы тізіміне енді, деп жазады KazFootball.kz.

Қара құрлықтың басты жарысы 2017 жылдың 14-ші қаңтары мен 8-ші ақпан аралығында Габонда өтпек.

Негізгі құрамға ілігу үшін астаналық клубтың шабуылшысы Беник Афобе («Борнмут», Англия), Седрик Бакамбу («Вильяреал», Испания), Дьемерси Мбоканимен («Халл сити», Англия) таласқа түседі.

Осы маусымда ҚПЛ-да Кабананга 12 матчқа қатысып, 5 гол соққан болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогының финалында конголық матчтағы жалғыз голды соғып, командасына жеңіс сыйлаған.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;