Болжам бұрыш
Футбол

26-желтоқсан. Англия чемпионатының 18-турына болжам

26-желтоқсан. Англия чемпионатының 18-турына болжам
news-banner7
mobile-news-top

Уотфорд - Кристал Пэлас

"Кристал Пэлас" командасы ағылшын премьер-лигасында 28 гол соққан ұжым. Одан асқан тек алғашқы бестіктің 5 командасы. Ал бірақ, "Кристал" қазір турнирлік кестенің 17-сатысында тұр. Бұл команданың шабуыл шебі басқа позицияларынан мықтырақ. Мысалы Кристиан Бентеке маусымда 8 гол соғып үлгерген. Мергендер тізімінде. Бұл әңгіменің барлығы неге тірейтінін байқаған шығарсыздар. Болжамымыз "Кристал Пэлас" соғады: иә - 1.36.

Челси - Борнмут

Антонио Конте кеше ғана сұқбат берді. Диего Коста мен Нголо Кантенің орнына кімді шығарарымды білмей дау болып жүрмін деді. Екеуі де өткен турда сары қағаз алған. Осы ойынға қатыса алмайды. Демек, "Челси" қазір әлсіз. Оның үстіне қарсыласын 1 гол ғана басымдылығымен жеңетін команда осы турда "Борнмутқа" не қауқар көрсетер екен? Демек, болжам қонақтарға бұрылып тұр. Олар 3 доп айырмасымен жеңілмейді. Форасын алайық, та уақыттың тез өтіп, тоблодағы көрсеткіштің ашылмай ұзақ тұрғанын күтеміз. Борнмут (2.5) - 1.32.

Манчестер Юн - Сандерленд

Бұл жерде енді аса қатты аналитика керегі шамалы. Алаң иелері фаворит. Жеңуі тиіс. Жарақат алған ешкім жоқ, барлығы сау. Моуриньоға да сенушге болады. Оның үстіне "МЮ" ұтылмай келе жатқанына 12 ойын болды. Ал соңғы 5 ойынның 5-еуінде де жеңіске жетті. Демек, алаң иелерінің таза жеңісі Ж1 - 1.22.

Лестер - Эвертон

Өткен турда ерлік жасаған "Лестер" бұл жолы неістер? Өз алаңында "Эвертонды" қысатыны анық. "Эвертон" болса мерсисайдтық дербиде бақ сынады. Айтпақшы, қызыл қағаз алғаны үшін Джимми Варди осы ойынға қатыспайды. Дегенмен, онсыз да гол соғатын адамдар жеткілікті. Болжам: Лестер соғады: иә - 1.26.

Арсенал - Вест Бромвич

"Вест Бромвич" чемпионатта 23 гол соққан. Ал Алексис Санчес пен Тео Уолкот екеуі 20 гол ұрды. Чилиліктің тіпті әр тур сайын қолы жүруде. Голсыз қайтпайды. Бұл жолы "Арсенал" ірі есеппен жеңіске жететін шығар. Демек, қатты тәуекелденбей қатардағы қарапайым бәс "Арсенал" (1.5) көп - 1.42 дегенді ала салсақ болады.

Халл - Манчестер Сити

Ж2 - 1.34 деген бәске бірден көзө түсті. Агуэро алаңға шықса, кішкене жеңіл болады "ситиге" Бірақ, жарақат алған Гюндоған қиын болды. Гвардиола бір амалын табатын шығар. Әлемдегі мықты бапкерлердің бірі ғой. Өзіміз осы бәсті алғанымен, қатты сенімді де емеспіз. Сондықтан да, көп қаржы тікпегеніңіз жөн.

Ливерпуль - Сток Сити

Бұл ойын 27 күні өтетінін ескере кетейік. Дегенмен, алаң иелері жеңісті жолды жалғастыра бермек. Команданың шабуыл шебі әлі де болса бізді таңқалдырады. Ж1 - 1.3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
1) 1х 2)П1 3)П1 4)П1 5)П1 6)П2 7)П1 - мынаған ставка қойу үшін бағы мықты біреу керек, сол үшін Ерекен жасаған болжамға қойындар менімше проход 100%
Жауап беру