Болжам бұрыш
Футбол

Бүгінгі бундес-лигаға букмекерлік болжамдар

Бүгінгі бундес-лигаға букмекерлік болжамдар
news-banner7
mobile-news-top

Герта - Дармштад матчынан бастасақ. Болжамымыз алаң иелері жеңуі тиіс. Жеңгенде де 2 доп айырмасымен. Турнирлік кестенің ортасында жүрген берлиндіктер бундеслигаға жаңадан қосылған "Дармштадты" ұтатын қауқарда. Алайда, қатты тәуекелге бармай Герта (1) көп - 1.35 деп жеке тоталды алғанымыз дүрыс.

Бавария - Лейпциг ойыны күннің ең маңызды кездесуі. Турнирлік кестенің көш басындағы екі команда. Қонақтарға тең нәтиже жетіп артылады. Ұтуы қиын екені анық. Бірақ, "Лестер" сияқты сенсация жасауы да мүмкін ғой. Дегенмен, біз Анчелоттиге сенім артамыз. "Баварияның тоталы соңғы кезде көп шығып жүрген жоқ. 1 гол ұрып жеңіс тіркегенге үйренді. Демек, бұл жолы біз алаң иелерінің Ж1 - 1.37 деген бәсін таңдадық. Өз алаңында ұтуы тиіс.

Турнирлік кестедегі көршілес "Кельн" мен "Байердің" ойыны да тартысты. Жаңа жылдың алдындағы ойында екі команда да аянып қалмайды. Себебі, бұдан кейінгі тур 2017-жылы ғана болады. Демалыс алдында бар күшті салуға дайын, аяқдопшылар. Шабуылдағанды жақсы көретін екі ұжым да гол соғады деп күтеміз. Демек, екеуі де соғады: иә - 1.75. Чалханоглу мен Чичаритолар бір гол соқса, алаң иелері жауап қатары анық қой. Болмаса, керісінше.

"Хоффенхайм" - "Вердер" ойынында алаң иелері анық фаворит. Өйткені Зинхайим қаласының футболшылары бүгін түнде 3 ұпай алатын болса, 3-орынға көтеріледі. Ал бұл дегеніңіз жаңа жыл алдында жанкүйерлерге керемет сый. Жеңісін алғаннан гөрі біз "көктердің" тоталын алайық. Хоффенхайм (1.5) көп - 1.48. Себебі, олардың бүгінгі қарсыласы "Вердер" қорғанысы нашар ұжым. Жалпы осы кезге дейін бундес-лигада ең көп гол жіберген де осы "Вердер"

Ингольштадт 04 - Фрайбург ойынына аса қатты ештеңе айта алмаймыз. Екеуінің голдарды сирек соғатын команда екендігін ескеріп жалпы Тотал (3.5) кем - 1.25 деген бәсті ғана кеңес қыламыз.

Сонымен барлықтарыңызға сәттілік. Неміс лигасының керемет ойындарын бірге тамашалайық. Пікірлеріңіз болса, ортаға салыңыздар, ағайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер