Футбол

Алғашқы эфир

Алғашқы эфир
news-banner7
mobile-news-top

30-қыркүйек, 2010-жыл. Кешқұрым, сағат тоғыздар шамасында Абай көшесімен келе жатырмын. Желтоқсан көшесіне бұрылып, Радионың кеңсесінің қасына келіп қалдым. Жоғары өрлеген сайын, ұлттық арнаның ғимараты да көз алдымда өсе берді. Жүрегім аузыма, тығылып, дем ала алмай, өзімді жайсыз сезіне бастадым. Әрбір жасаған қадамым ауырлай түсті. Өйткені, санаулы сағаттан соң мен осы арнада өзімнің алғашқы эфирімді өткізбекшімін. 5-10 минуттық бағдарламаға түсе салсаң мақұл. 90 минут футбол жүргізу керек. Мені комментаттор ретінде шақырып отыр. Казгуды бітіргеніме 2-ақ ай болған. «Алматы Ақшамы» газетінде тілшімін. Алдында 4 турдан тұратын кастингке қатысып, осы бір ойынды жүргізуге рұқсат алғанмын. Интер-Вердер арасындағы Чемпиондар лигасының ойыны.

Бастығым, әрі тәжірибиелі комментаттор Павел Цибулинмен бірге шығатын болдым эфирге. Бұл ойынды өмірі ұмытпастай болдым. Тікелей эфир де емес. Кеше өтіп кеткен ойын. Тікелей эфир әдеттегідей 00-45-те басталмақ. Біздікі соған дейін жай кешегі ойынды бір қайталап жіберу.
Оның өзі мен үшін ауыр жүк болып тұр. Павел біршама ақыл-кеңесін айтты да, жүзіме күле қарап, қолымды қысып тұрды да «Кеттік» — деді. Эфир басталды. Ғарышқа ұшатын адамдар секілді әсерде болдым. Студияның кең терезесінің ар жағынан режиссер қолын көтеріп, «Мотор» деп зекіп қалды. «Здравствуйте дорогие телезрители…». Павел күнделікті, әдепкі шаруасына кірісе кетті. Алғаш рет сөйлегелі отыған адамға қасыңдағы әріптесіңнің, түк білмегендей сарнай жөнелгені де кәдімгідей қысым екен. Мен олай сөйлей алмаймын ғой деген үлкен қорқыныш. Тіпті, жалпы не айтам? — деген де ойлар келді. Өзімнің сөйлейтін уақытымды үнсіз күттім. «А комментируют этот матч я Павел Цыбулин и мой коллега Ермухамед Маулен».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер