Головкин WBA титулынан айырылуы мүмкін
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАмерикалық боксшы Дэниел Джейкобстың промоутері Эл Хэймон Головкинге қарсы кездесуді ұйымдастыру құқығына ие болса, Геннадий чемпиондық титулынан бас тартуға мәжбүр болады.
Бұл туралы Ring TV хабарлайды.
Себебі, Эл Хэймон Showtime арнасымен ғана жұмыс істейді. Ал Геннадий Головкиннің НВО арнасымен эксклюзивті келісімшарты бар. Келісімге сәйкес, Гена басқа арналарда жұдырықтаса алмайды.
Демек, Головкин Джейкобспен кездесуден бас тартуға мәжбүр болады. Бұл жағдайда қазақстандық боксшының WBA чемпиондық белбеуі Дэниелдің еншісіне кетеді.
Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана WBA президенті Головкин - Джейкобс жекпе-жегін ұйымдастыру үшін бір апта уақыт берген болатын. Қазіргі таңда, келіссөздер әлі де жүріп жатыр.