Басқа

ҰФЛ чемпионы 20 жылға бас боcтандығынан айырылды

news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық футбол лигасының (америкалық футбол) 2010 жылғы чемпионы Даррен Шарпер екі әйелді зорлағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы The Los Angeles Times хабарлады.

Жапа шеккендер экс-футболшының ұйықтатын дәрі беріп, кейіннен зорлағанын мәлімдеген. Дәл осындай мәлімдемемен тағы бірнеше әйел куәлік берген. Бұл істе жалпы саны онға жуық арызданушы болған.

Сотталушы 2013 жылдан бері қамауда болған. Ол кінәсін толықтай мойындады.

Шарпер ҰФЛ-дың жұлдызды матчтарына бірнеше рет қатысқан. Ол екі мәрте ҰФЛ-дың құрамасына алынған. Сонымен қатар, ол онжылдықтың (2000-09) құрамына іліккен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер