Футзал

Италия чемпиондары "Никарсті" тас-талқан етті

Италия чемпиондары "Никарсті" тас-талқан етті
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан УЕФА Кубогы Элиталық кезеңінің 2-турында италиялық "Реал Риети" латвиялық "Никарспен" күш сынасты.

Алғашқы турда "Никарс" "Фениксті" 4:3 есебімен жеңген болатын. Ал "Реал Риети" қазақстандық "Қайратқа" жол берген еді - 3:2.

Ойынның басы италиялық ұжымның допқа иелік етуімен өтті. Нәтижесінде 4-минутта номиналды алаң иелері алға шықты - Рафинья қанжығасын майлаған. Бұл голдан кейін де италиялық футзалшылар ойынды бақылауда ұстады.

Бірақ Италия чемпионының шабуылдарын көбіне қарсыластың сауатты қорғанысы емес, өз қателіктері аяқтап жатты. "Никарс" та Миколи қорғаған қақпаны көп нысаналай алмады.

Таймның ортасына таман латвиялық команда таразы басын теңестіруге ұмтылып, жиі шабуылдай бастады. Бірақ бұл ұмтылыстар нәтижесін берген жоқ. Есесіне "Реал Риети" екінші рет допты "Никарс" қақпасында тулатты. Корсини қақпа маңында допты қабылдап алып, алыс бұрышты дәл көздеді. Ал командалар үзіліске кетер тұста Луизиньо жойқын соққы жасаған - "Никарсті" қақпа маңдайшасы құтқарып қалды.

Бірініш таймнан соң қос доп айырмашылығымен жеңіліп жатқан "Никарс" үзілістен кейін бар күшімен алға ұмтылды. Бірақ бұл жолы да италиялықтар қанжығасын майлады. Сол қапталмен жасалған шабуыл Дуйоның пасынан кейін Турменаның соққы бағыттауымен аяқталған, Астраханцев шарасыз қалды - 3:0.

"Реал Риети" бұл голмен шектеліп қалған жоқ. Бұрыштан басталған доп Корсинидің аяғынан табылған - мүлт кетпеді. Бұл есеп таблода ұзақ сақталмады. Бірнеше секундтан соң Педро Торо қарымта шабуылды нәтижелі аяқтады - 5:0.

Жауапсыз бес гол жіберіп алған латвиялықтардың бас бапкері қақпашыны алып тастап, бесінші ойыншыны шығарды. Бірақ бұл италиялықтарға гол сыйлады. Сауль өз алаңында тұрып, бос қалған қақпаны дәл көздеді - 6:0. Көп ұзамай, Луизиньо өз командасының 7-ші голын соқты.

Осылайша, Италия чемпиондары "Реал Риети" үш ұпай еншілеп, екінші орынға көтерілді.

"Реал Риети" (Италия) - "Никарс" (Латвия) 7:0

Голдар: Рафинья 4 (1:0), Корсини 15 (2:0), Турмена 23 (3:0), Корсини 26 (4:0), Педро Торо 26 (5:0), Сауль 38 (6:0), Луизиньо (7:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер