Футзал

УЕФА кубогы. «Қайрат» «Реал Риетиді» тізе бүктірді

УЕФА кубогы. «Қайрат» «Реал Риетиді» тізе бүктірді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогы Элиталық кезеңнің бірінші матчында «Реал Риетимен» күш сынасты.

Екі дүркін УЕФА кубогының иегері «Қайрат» жаңадан ашылған «Алматы Арена» спорт кешенінде Италия вице чемпионы «Реал Риети» командасын қабылдады. Матчтағы бірінші соққыны алматылық клубтың шабуылшысы Алешандре бағыттаған, бірақ сәтсіз. Артынша, Диваней италиялық ұжымның қақпашысы Миколлиден айласын асырып, таблода есеп ашты. Кейін, Игита, Дуглас пен Алешандреде есепті еселейтін жақсы мүмкіндік болған. Бірақ олардың соққыларына дәлдік жетіспеді. Бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда Золтан Дрот Сүлейменовтың пасынан керемет мүмкіндікті жіберіп алды. Венгриялық футзалшының соққысын Миколли сәтті қайтарды. Бірден қарымта шабуылда Дрот италиялық ойыншыға қарсы ереже бұзды. «Реал Риети» айып соққыны сәтті орындап, команда капитаны Эффе есепті теңестірді – 1:1. Бір минуттан кейін Дуглас әдемі соққымен өз командасын есепте қайта алға шығарды – 2:1. Бірінші кезеңнің соңына дейін есеп өзгермеді.

Екінші тайм Игордың қауіпті соққысымен басталды. Есесіне, екінші таймның басында «Реал Риети» таразы басын қайта теңестіре алды. Эффенің соққысынан кейін Дуглас байқаусыздан өз қақпасына гол соғып жіберді. Бірден, Какауоның шәкірттері алға ұмтылды. Игор, Алешандре және Игита бірнеше қауіпті соққы жасаған, алайда доп қақпаға кірмеді. Марсело Батистаның командасы болса қорғаныста мұқият ойнап, қарымта шабуылдармен жауап қайтарды. Бірақ Игита ешкімге мүмкіндік бермеді. Матчтың 35-ші минутында Барон жойқын соққымен қақпа маңдайшасына тиді. Кейін, Игита да алыстан Миколли қорғаған қақпаны көздеді - италиялық голкипер өз орнында. Ал кездесу аяқталар тұсында алтыншы командалық фол үшін «Реал Риети» қақпасына он метрлік соққы белгіленді. Дабл-пенальтиді сәтті орындаған Диваней матчтағы екінші голын соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, бірінші турдан кейін «А» тобында «Қайрат» пен «Никарс» көш бастады.

Футзалдан УЕФА кубогы. Элиталық кезең.

«А» тобы, 1-ші тур.

«Қайрат» (Қазақстан) «Реал Риети» (Италия) – 3:2 (2:1)

Гол: Диваней 3, 39, Дуглас 17, 25 (автогол) – Эффе 16

«Қайрат»: Игита (қ), Дуглас, Игор, Алешандре, Диваней.

Қосалқы құрам: Ронкальо (қ), Упалев, Нето, Тайеби, Сүлейменов (к), Дрот, Нұрғожин, Барон, Есенаманов.

«Реал Риети»: Миколли (қ), Рицци, Эффе (к), Луизиньо, Сауль.

Қосалқы құрам: Джонсон (қ), Халими, Корсини, Романо, Педрити, Дуйо, Вийера, Турмена, Чесарони.

Ескерту алған: Дуйо 23

Алматы қ., «Алматы Арена» с.к, 2016 ж, 24 қараша.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер