Брюс Арена - АҚШ құрамасының жаңа бас бапкері
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАҚШ футбол Федерациясының ресми сайтына сүйенсек, Брюс Арена Америка құрамасының тізгінін ұстады.
Бұған дейін 65 жастағы маман сегіз жыл бойы "Лос-Анджелес Гэлаксиді" жаттықтырып, командамен бірге үш рет ел біріншілігін жеңген.
Естеріңізге сала кетсек, 1998-2006 жылдар аралығында Брюс Арена АҚШ құрамасын баптаған болатын. 2002-ші жылы Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында Америка құрамасымен ширек финалға дейін жетті.
Брюс Арена АҚШ құрамасының бас бапкері қызметінде германиялық Юрген Клинсманнды алмастырды.